ӨзА Қазақ

08.07.2019 19:35 Басып шығару нұсқасы

Автокөлік жасау көлемі мен сапасын арттыру бойынша тапсырмалар берілді

Автокөлік жасау көлемі мен сапасын арттыру бойынша тапсырмалар берілді

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев шілденің 8-і күні автокөлік өнеркәсібін дамыту мәселесіне арналған жиын өткізді.

Өзбекстанда автокөлік өнеркәсібі өткен жиырма үш жыл аясында дәйекті дамып, ішкі және сыртқы нарықтарда өз орнын таба алды. Үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап түрлі жеңілдіктер алып тасталғаннан кейін, бұл жұйеде еркін нарық жағдайына көшеді. Сол кезде кәсіпорындарда заманауи басқару механизміндерін енгізу, сондай-ақ өнімнің экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талап етеді.

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында өндіріс өткен жылдың осы кезеңіне байланысты 154% -ға артып, 1 триллон сум пайда алынды. Сондай-ақ 73 миллион долларға жуық автокөліктер экспортталды. Ішкі нарықтағы жергілікті автомобильдердің үлесі 97% -ға жетті.

Әрине мұның бәрі дұрыс. Алайда, сөз локализация дәрежесі туралы кеткенде сандар мақтанатындай көрсеткіште емес. Бұл көрсеткіш жеңіл автомобильдер өндірісінде 45 пайыз, жүк көлігі мен автобустарда - 24 пайыз-ақ.

Жиын барысында міне осы мәселе талқыланып, өнімнің бағасын азайту арқылы эскпорт көлемін арттыру мәселесі қаралды.

Мемлекет басшысы автокөліктер бағасын тұрақты ету мен, сапасына көп көңіл бөлу, жаңа қолжетімді үлгілерді жасап шығару және оны жергіліктендіру мәселесін кеңейту арқылы өнімнің нарықтағы орын қамтамасыз етуі керек екендігін айтып өтті. 

1.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.  

ӨзА
4 943