ӨзА Қазақ

24.05.2019 12:02 Басып шығару нұсқасы

Абдулазиз Комилов АҚШтың Өзбекстандағы жаңа елшісін қабылдады

Абдулазиз Комилов АҚШтың Өзбекстандағы жаңа елшісін қабылдады

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бүгін Америка Құрама Штаттарының Төтенше және өкілетті елшісі Даниэль Розенблюмды қабылдады.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі, елшінің сенім жарлығы нұсқасын жылы қабылдап, оны құттықтады және осындағы жауапкершілікті жұмысына табыстар тіледі.

Сұхбат барысында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің 2018 жыл мамыр айында Америкаға ресми сапары мен жоғары деңгейдегі байланыстар кезінде қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру тұрғысынан Өзбекстан – АҚШ ынтымақтастығын нығайту жолдары жайында ақылдасты.

Кездесу кезінде тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растап, халықаралық және өңірлік маңызы бар бірқатар мәселелерді талқылады.

Еске сала кетсек, АҚШтың Өзбекстан Республикасындағы алдынғы төтенше және өкілетті елшісі болған Памела Спартлен өз өкілеттілігі аяқталғаннан соң, 2018 жылдың тамыз айында АҚШ сенаты Даниэл Розенблюмды жаңа елші етіп тағайындаған болатын.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабары.

ӨзА
4 697