ӨзА Қазақ

07.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда Голливуд актерлері ойнайтын бюджеті 20 миллион долларлық тарихи сериал түсіріледі

Өзбекстанда Голливуд актерлері ойнайтын бюджеті 20 миллион долларлық тарихи сериал түсіріледі

Халықаралық дәрежедегі фильмдер продюсері, «Star Media» кинокомпаниясының басшысы Владислав Ряшин мен француздық кинопродюсер Жан Чарльз Леви Өзбекстанда «Султана» атты тарихи телехикаяны 2020 жылдан түсіруді бастамақ.

Киноны таспаға алу барысы елдің тарихи орталары Самарқанд, Бухара және Хиуа қалаларында түсіру жоспарланған. 

«Өзбекфильм» және Туризмді дамыту орталығының хабарлануынша «Султана» фильмнің бірінші маусымын түсіру үшін 20 миллион доллар ажратылып, тарихи драмалы сериалдың басты қаһармандарын сомдайтын Голливудтық жұлдыздардың кім екендігі жайындағы мәлімет ашып айтылмаған.

Осыған дейін, Түріктің тарихынан сыр шертетін «Ертұғырыл» телехикаясының продюсері Мехмет Буғдаз Хорезмді билеген Жалолиддин Мангуберді жайында фильм түсіретіні айтылған еді. 

26 847
ӨзА