ӨзА Қазақ

13.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте «Жапон күзі» атты фестивал өтеді

Ташкентте «Жапон күзі» атты фестивал өтеді

Биылғы Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» аясында көптеген шаралар ұйымдастырылып жатқаны баршаға аян. Сол шаралар жалғасы ретінде тағыда өнер сүйер қауым үшін «Дегдар» гуманитарлық қоры және JTI компаниясының ұйымдастыруымен «Жапон күзі» фестивалі өтпек.

Мұнда сіздер тек жапон елінің дәстүрлі музыкалық сазымен ғана танысумен шектеліп қалмай, әлемдік классика мен джаз музыкаларынан ләззат алатын боласыз. Өйткені бұл фестивалде әлемге әйгілі жапондық органист музыкашы Кейко Иноуэ, «Музыкалық ара» деп аталатын ерекше музыкалық аспапта ойнайтын музыкант Сакита Хаджиме, сондай-ақ - Қазақстандағы үздік этно-фольклорлық ансамбльдердің бірі «Астана сазы» ансамблі мен өзбек ұлттық музыкалық аспаптармен өнер көрсететін «Registan» өнер ұжымы қатыспақ.

«Жапон күзі» фестивалі Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясының орган залында 24 қыркүйек күні сағат 19:00 де басталады. Келем деуші өнер сүйер қоуымның баршасына мархабат. 

23 649
ӨзА