ӨзА Қазақ

30.04.2019 13:47 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан «Spelling Bee» сайысының жеңімпазы атанды

Қазақстан «Spelling Bee» сайысының жеңімпазы атанды
26 сәуірде, Қызғыстан астанасы Бішкек қаласында ағылшын тіліндегі сөздерді емлесіне қарай айтудан үшінші Орталық Азия Spelling Bee сайысы өтті.

Үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл сайысты Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріндегі АҚШ Елшілігі ұйымдастырып келеді.

2018 жылы Spelling Bee Орта Азиялық сайысы Алматыдағы American Space шығармашылық алаңында өтті. 2017 жылы аталмыш сайыс Тәжікстанның Дуншанбе қаласында өткен.

Биылғы Орталық Азия Spelling Bee сайысында Қазақстандық қатысушы жеңімпаз атанды. Онда Қазақстандық Александр Лопухов ағылшын тіліндегі «scintillating» сөзін дұрыс айтып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елінен келген 15 сайыскердің арасынан озып шықты.

Америкалық мәдениеттің бір бөлігі болып саналатын Spelling Bee сайысына жыл сайын қызығушылық танытқан қатысушылар саны артып келеді. Аталмыш сайыс - Америка елінде 90 жылдан астам уақыт бойы мектеп оқушылары қатысатын әйгілі шара. Сайысқа қатысушылардың міндеті - сахнада тұрып, жүргізуші айтқан сөзді емле ережелеріне сай дұрыс айту. Қиындық туғызатын ерекшелік - ол ағылшын тіліндегі көптеген сөздердің айтылуы мен жазылуының әртүрлі болуы.

11111.JPG  

Екінші және үшінші орындарды да қазақстандық сайыскерлер иеленді - Рамазан Елтай және Нұргүл Адамжанова.

Биылғы жылы қазақстандық студенттер ерекше белсенділік танытып, колледж бен жоғары оқу орындарынан 764 студент сайысқа қатысуға тіркелген. Олардың ішінде Қазақстанның 13 облысынан келген 33 қатысушы Қазақстанның бас қаласында Америкалық бұрышта жекпе - жекке қатысты. Жеңімпаздар болып Рамазан Елтай (Нұр-Сұлтан), Нұргүл Адамжанова (Павлодар), Александр Лопухов (Нұр-Сұлтан), Арсен Алпысбай (Өскемен) атанды.

Снимок 1.JPG


ӨзА
34 127