ӨзА Қазақ

10.05.2019 12:45 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстаннан қанша соммадағы валютаны алып шығуға немесе алып кіруге болады?

Өзбекстаннан қанша соммадағы валютаны алып шығуға немесе алып кіруге болады?

Қазірде Өзбекстан көрші елдермен қарым-қатынасты нығайтып, көрші елдер арасындағы шекаралық кеден бекеттерінде қызметті жақсартып, тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін ыңғайлы жағдайлар жасалып келеді. Алайда, осынау мүмкіндектерді кедендік заң талаптарына кері келтірер әрекеттер жасап жүрген азаматтар да бар. Сондықтан, шекарадан өтетін тұлғалар үшін кедендік рәсімдер туралы ақпаратты Мемлекеттік Кеден комитетінің ақпараттық қызметімен бірлесіп отырып мәлімдеуді ләзім деп санадық.

Егер сіз Өзбекстан аумағына кіріп келе жатқан болсаңыз...

Жеке тұлғалардың Өзбекстан Республикасына келу түріне байланысты тауарларды баж салығынсыз әкелу ережелері былай қолданылады. Егер сіз Өзбекстан аумағына халықаралық әуежайлар арқылы келетін болсаңыз 2000 АҚШ доллары, теміржол немесе өзен жолдары арқылы келетін болсаңыз 1000 АҚШ доллары, ал егер сіз автомобильде немесе жаяу жүргінші ретнінде келетін болсаңыз 300 АҚШ долларға дейінгі тауарларды бажсыз алып кіруіңізге болады.

Мұндай жағдайда жолаушы шекаралық деклорациясы талап етілмейді.

Қанша соммадағы нақтылай шетел валютасын және ұлттық валютаны алып кіруге болады?

Жеке тұлғалар Өзбекстан Республикасының аумағына кірерде шетел валютасын шектеусіз мөлшерде нақтылы соммада алып келуіне болады. Тек, алып келе жатқан валюта соммасы 2000 АҚШ долларынан астам болса, сіз шекаралық деклорацияны толтырып сомма мөлшерін көрсетуіңіз керке.

Қанша соммадағы нақтылай шетел валютасын және ұлттық валютаны алып шығуға болады?

Өзбекстан Республикасының азаматтары, Өзбекстан Республикасыда тұрақты тұруға құқығы бар шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар 5 000 АҚШ долларына дейін немесе одан аспайтын қолма-қол шетел валютасын, жолаушы кедендік декларациясында көрсете тұрып алып шығуына рұқсат етіледі. Егер қолма-қол шетел валютасы 2000 АҚШ доллар немесе одан көп болмаған жағдайда оларды жолаушы кедендік декларациясында көрсету қажет емес.

Белгіленген мөлшерден артық соммадағы нақтылы шетел валютасын алып шығып кету үшін, Өзбекстан Республикасының Орталық Банкiннен тиісті рұқсатнама талап етiледi. 

Егер сіз кедендік ережелер туралы толықтай ақпарат алғыңыз келсе, Мемлекеттік кеден комитеті веб-сайты bojxona.uz  немесе 11-08 сенім телефонына хабарласуыңызға болады.


ӨзА
8 585