ӨзА Қазақ

23.05.2019 17:27 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда Қазақстан банкінің филиалы ашылады

Өзбекстанда Қазақстан банкінің филиалы ашылады

Өзбекстан Республикасының Орталық банкі басқармасы, Қазақстанның Halyk Bank акционерлік сауда банкіне, Өзбекстан аумағында банк операцияларыны жүзеге асыру құқығын беруші лицензия беру туралы шешім қабылдады.

Халық банкі Өзбекстандағы филиалын ашуға ниет білдірген алғашқы Қазақстандық банк болып, банктің Ташкенттегі қаржылық ұйымының филиалы – Tenge Bank атауымен жұмыс істейді.

Қазақстандық банктің қазіргі таңда ТМД аумағында Ресей, Қырғыстан, Грузия, Тәжікістан елдерінде өз бөлімшелері бар. Енді олар қаратына Өзбекстанда енді.

Мәлімет орында, бүгінде Өзбекстанда 28 комерциялық банкі жұмыс істейді. Екінші дәрежелі банктердің жалпы активтері 194,6 трлн сум немесе 24,1 млрд долларды құрайды. Қазіргі уақытта Өзбекстан аумағында шетелдік банк капиталының қатысуымен бес банк қызмет көрсетіп келеді. 

ӨзА
11 055