ӨзА Қазақ

22.10.2019 Басып шығару нұсқасы

«Namangan Сity» кешенін араб компаниясы құрмақ

«Namangan Сity» кешенін араб компаниясы құрмақ

Қазіргі күнде Өзбекстанда жаңару процесі, глобалды әлем стандарттарына жауап беретін кешендер салу мен қатар өз беделін көтеруде.

Солар қатарында Өзбекстанның ірі қаласының бірі саналатын Наманганда «Namangan Сity» кешенін салу жайлы инвесторлармен кездесу өтті. 

Қазірде Өзбекстан, шетелдік кез-келген азаматқа елдің өркендеуіне байланысты 3 миллион доллар қаржы салар болса, оған 10 жылдық ықтиярхат беру жайлы заң қабылдаған. Өйткені кез-келген елдің өркендеуі мен дамуы инвесторға зәру.

Екі жақтық кездесу барысында, Наманган облысы әкімдігі мен Сауд Арабиясының “Alqusaier company” компаниясы ортасында мемарандум орнатылып, алдағы кезде 78 гектар жерге «Namangan Сity» кешені құрылатын болады.

Бұл жоба құрылысының барлық қаржысы араб компаниясының бюджетіне салынбақ. Бой көтерер бұл кешен аумағында бизнес орталығы, заманауи сауда орталықтары, үш, төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер, кеңселер, конференция-залдар, көрмелер өтетін, резиденциялар мен виллалар, сондай-ақ мектептер, балабақшалар, мейрамханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салынатын болады.

8 223
ӨзА